Имбрувика® дәрілік препараты бойынша «Жаңа күн» Пациенттерді дәрі-дәрмекпен қолдауды қамтамасыз ету бағдарламасы.

Бағдарламада ойдағыдай тіркелу пациентке өзіне тағайындалған препаратқа бағдарлама шарттары бойынша алдын ала тапсырыс беріп, кейін дәріханадан арнайы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның шарттары мен шектеулері бар (толығырақ Бағдарлама ережелерінен қараңыз).

Имбрувика®

Имбрувика®, 140 мг №90 капсулалар
ХПА: ибрутиниб (ibrutinib).
«Өндірушісі: Cilag AG Швейцария»
5000 теңге
Бағдарлама бойынша 1 қаптаманың арнайы бағасы
Бағдарлама бойынша Имбрувика®
препаратын қалай алуға болады?
Құжаттарды дайындаңыз
Мерзімі өтпеген рецептіні, медициналық қорытындыны (берілгеніне 30 күннен асып кетпеуі тиіс) және адамның жеке басын куәландыратын құжатты немесе ЖСН (егер тіркелген болсаңыз) суретке түсіріңіз.
Бағдарламада тіркеліңіз
Тапсырысты жеткізген курьер арқылы келісімнің түпнұсқаларын беріп жіберіңіз.
Тапсырысты рәсімдеу
Бағдарламаға ойдағыдай тіркелгеннен кейін дәріханада бағдарламаның арнайы бағасы бойынша препаратқа алдын ала тапсырыс беруге болады. Ол үшін бағдарлама чатына хабарласыңыз.
Дәріханадан препаратты алыңыз
Мақұлданғаннан кейін сізге коды бар SMS келеді.
Коды бар SMS келгеннен кейін алдын ала тапсырысты қабылдаған бағдарламаға қатысатын өзіңіз таңдаған дәріханаға барыңыз.

Дәріханада бағдарлама бойынша препаратты сатып алу, төлем жасау және алу үшін рецепт түпнұсқасын және алынған кодты көрсетіңіз.

Код 14 күнтізбелік күн ішінде жарамды. SMS кодының күшін жою және қолданылу мерзімін қысқарту жағдайлары Бағдарлама ережелерінде қарастырылған.
Назар аударыңыз: Осы сайттағы чат арқылы препаратқа мерзімі өтпеген рецептісі бар пациент бағдарлама шарттарымен осы препаратқа алдын-ала тапсырыс береді. Коды бар SMS препараттың таңдалған дәріханаға келіп түскенін және осы пациенттің SMS қолданылатын мерзімде сатып алу үшін сақтаулы тұрғанын растайды. Осы сайтта және алдын ала тапсырыс беру барысында препаратты сатып алу жүзеге асырылмайды, сатып алу-сату шарты және препаратты сатып алу-сатудың бастапқы шарты немесе препаратқа қатысты пациентпен өзге де шарт жасалмайды.

Препаратты пациентке бағдарлама бойынша дәріхана ұйымы (дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге берілген тиісті лицензиясы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы қызметпен айналысатын субъект) - «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС (БСН ‪971240001494) SMS кодты пайдалана отырып, препаратты бағдарлама бойынша сатып алу үшін дәріханаға тікелей келген пациентке өткізеді. Бағдарламаның шарттары мен шектеулері бар (толығырақ Бағдарлама ережелерінен қараңыз).

Дәріханаларға жеткізу

Ескертпе: бағдарламаға қатысатын дәріханалар "МЕДСЕРВИС ПЛЮС «Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ға тиесілі, БСН 971240001494,
  • фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға 2001 жылғы 22 маусымда берілген № ФД64600429КА. лицензия (лицензияланатын қызметтің түрі - дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу) Берген орган: «Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Алматы қаласының әкімдігі.
  • фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға 2015 жылғы 30 қазанда берілген №15019315 лицензия. Берген орган: «Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Алматы қаласының әкімдігі.
Имбрувика® дәрілік препаратына арналған «Жаңа күн» пациенттерді дәрі-дәрмекпен қолдауды қамтамасыз етуге арналған бағдарлама ережелері
«Жаңа күн» бағдарламасы пациенттерге қажетті ем алуға көмектесу үшін құрылған. Бағдарламаға қатысушылар Имбрувика® препаратын дәріханада арнайы шарттармен сатып ала алады.
Бұл бөлімде осы препаратқа қатысты бағдарламаның жеке ережелері қарастырылады. Барлық препараттарға қолданылатын бағдарламаның жалпы ережелерін Бағдарлама ережелері бөлімінен таба аласыз.
Бағдарламаның жеке лимиттері (негізгі мерзімдері мен мөлшері):
  • Бағдарламаға жаңа қатысушыларды тіркеу 2026 жылдың 30 маусымына дейін ашық.
  • 90 күнтізбелік күн ішінде Препаратқа 4 реттен артық тапсырыс беруге болмайды.
  • 30 күнтізбелік күн ішінде Препаратқа 2 реттен артық тапсырыс беруге болмайды.
  • Бірінші тапсырысты қосқанда, бірінші тапсырысты рәсімдеген күннен бастап 5 ай ішінде бір қатысушыға препараттың 5 қаптамасынан артық берілмейді.
  • Бір тапсырыста Препараттың 1 қаптамасы ғана беріледі.
  • Бағдарламаға жеке лимиттер таусылғанға дейін бір рет қана қатысуға болады.
  • Бағдарламаның аяқталатын күні: 2026 жылғы 31 желтоқсан (бағдарламаның басқа лимиттері мен шарттарын сақтай отырып, дәріханадан препаратты сатып алуға болатын соңғы күн).
Қатысу шарттары

Бағдарламаға қатысу үшін сіз:
  • Қазақстанда Имбрувика® препаратына тағайындалған рецепт алуыңыз керек (рецепт берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).
  • Сайт арқылы және чат арқылы бағдарламаға қарапайым жолмен тіркеліп, қажетті құжаттарды ұсыныңыз.
  • Дәрігердің препаратты қабылдауды ұсынатын қорытындысын алуыңыз керек (кемінде 3 ай бұрын берілуі тиіс).
Маңызды жайт:
Бағдарламаға тек көзделген лимиттер шеңберінде ғана қатысуға болады. Бір қатысушыға арналған жеке лимиттерден басқа, бағдарламада барлық қатысушыларға ортақ лимиттер көзделген, оларға қол жеткізгеннен кейін бағдарламаны іске асыру тоқтатылады және жеке тапсырыстар қабылданбайды.

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС кез келген уақытта бағдарламаны тоқтату, оның ережелерін, оның ішінде шарттары мен шектеулерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Рецептінің болуы және жаңартылуы
  • Алдын ала тапсырыс («тапсырыс») беру үшін дәрігердің мерзімі өтпеген рецептісі болуы шарт (жарамдылық мерзімі - 1 ай).
  • Препаратқа одан әрі тапсырыс беру үшін сайт арқылы жаңартылған рецептіні уақтылы жүктеу керек. Егер рецепт мерзімі өтіп кетсе, жаңа тапсырыстарды рәсімдеу тоқтатылады.

Қалай қайта тапсырыс беруге болады?

  • Тапсырыс сенім телефоны арқылы немесе чат арқылы жасалады.
  • Препараттың екінші және содан кейінгі қаптамаларына тапсырыс беру үшін сіз бұрын сатып алынған қаптама суретін көрсетесіз.
  • Тапсырыс беру кезінде сіздің қолыңызда препаратқа берілген жарамды рецепт болуы тиіс.
  • Тапсырысты рәсімдегеннен кейін сіз оның орындалуы туралы SMS-хабарлама алып тұрасыз.
  • Тапсырыс межелі орынға жеткізілген кезде сізге коды бар SMS келеді. Бұл код препаратты сатып алу үшін берілетін күнтізбелік 14 күнге жарамды.
  • SMS кодының қолданылу мерзімі кей жағдайларда қысқартылуы немесе SMS кодының күші жойылуы мүмкін (толығырақ - Бағдарлама ережелері бөлімінде). Бұл жағдайда сізге SMS хабарлама жіберіледі.
Бұрын сатып алынған қаптаманың суретін қалай ұсынуға болады:
  • Бос картон қорапқа және препараттың босаған құтысына қою маркермен немесе қаламмен «Жаңа күн» деп жазып, алдыңғы тапсырыс нөмірін салыңыз.
  • Тексеру үшін бағдарламаның сайты арқылы қораптың және банканың суреттерін жүктеңіз.
  • Суретке анық етіп түсіріңіз.
  • Тексеру ойдағыдай өткеннен кейін сізге келесі тапсырысты рәсімдеу мүмкіндігі беріледі.
Тіркелу
«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС-ның «Жаңа күн» Пациенттерді дәрі-дәрмекпен қолдауды қамтамасыз ету бағдарламасына қатыса отырып, сіз Оператор «Олекстра»
ЖШС- ға өз дербес деректеріңізді бересіз. «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС Бағдарлама ережелері бөлімінде орналастырылған талаптарға сәйкес сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізе алмайды.

Бағдарламаның жаңа қатысушыларын тіркеу 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.



1/4 қадам: Бағдарламаға тіркелуді бастау
Жалғастыру үшін Тіркелу батырмасын басыңыз:

Қағаз келісім беру арқылы тіркелу

Уақыты: 1 аптадан бастап (құжаттың түпнұсқасының жеткізілуіне байланысты).


Сіз келісімнің скан көшірмесін жүктеп, басып шығарып, өз қолыңызбен толтырып, қол қойып, жүктейсіз, содан кейін түпнұсқаны пошта немесе курьер арқылы жібересіз. Бағдарлама операторы курьерді шақыру үшін сізбен байланысқа шығады. Курьерді шақыру ақысын бағдарлама операторы төлейді.


Тіркелу осы препарат бойынша «Жаңа күн» бағдарламасында жүзеге асырылады. Сайтта сіздің «жеке кабинетіңіз» («аккаунт») құрылмайды. Препаратты қабылдауға тиісті пациент жеке тіркеле алады.

Тіркеуден өту
2/4 қадам
Қатысушы сауалнамасы
Жеке деректеріңізді толтыруды сұраймыз.
Жынысыңыз

3/4 қадам
Нұсқаулық: медициналық қорытындыны қалай жүктеуге болады?
Бағдарламаға қатысу үшін дәрігер тағайындаған медициналық қорытындыны ұсыну қажет. Дәрілік препараттың тағайындалғаны туралы ақпарат қана қажет (бұдан әрі көрсетілгендей). Суретке түсірмес бұрын басқа ақпараттың барлығын қағазбен жабу қажет.
  • Бағдарламаға қатысу үшін дәрілік препараттың тағайындалғанын растайтын құжатты жүктеу қажет.
  • Суретке түсіруді немесе сканерлеуді бастамас бұрын, құжаттың ресми бланк деректемелерінен (бар болса), титулдық тақырып пен медициналық ұйымның атауынан (бар болса), медициналық қорытынды атауынан, нөмірінен (бар болса), құжат күнінен, дәрігердің аты-жөні мен қолынан, пациенттің аты-жөнінен, медициналық ұйымның мөрінен, дәрігердің мөрінен (тек консультациялық қорытынды үшін) және препараттың нақты тағайындалуынан басқа, мәтіннің барлық бөліктерін қағаз парағымен жабу қажет.
  • Құжаттың бағдарламаға қажетті бөліктері ғана көрінетіндей етіп құжатты суретке түсіріңіз немесе сканерлеңіз.
  • Файлды нысанға жүктеңіз.
4/4 қадам
Құжаттарды дайындау және жүктеу
Телефоныңыздың нөмірі расталды. Енді құжаттар пакетін дайындап, жүктеу қажет. Маңызды жайт: Бағдарламаға қатысуды толығымен белсендіру үшін бізге сіздің келісіміңіздің қағаз түпнұсқасы қажет.

Дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім дайындаңыз:
1. Келісім бланкісін жүктеп алыңыз.
2. Оны басып шығарып, өз қолыңызбен толтырыңыз және қол қойыңыз.
3. Қол қойылған құжатты сапалы түрде сканерлеңіз немесе суретке түсіріңіз.


🗎
Дербес деректердің арнайы санатын жинауға және өңдеуге келісім беру.

Бланкіні жүктеп алу
Қол қойылған Келісім:
Адамның жеке басын куәландыратын құжат:
Талаптар: құжат жарамды болуы тиіс, барлық 4 бұрышы көрінуі, деректері анық оқылуы тиіс.
Препаратты тағайындау туралы медициналық қорытынды:
Талаптар: берілген күннен тіркеу күніне дейін 3 айдан аспауы тиіс, дәрігердің қолы мен мөрі болуы тиіс.
Препаратқа берілген жарамды рецепт:
Талаптар: жарамдылық мерзімі бір айдан аспауы тиіс, дәрігердің қолы мен мөрі болуы тиіс.

Өтінім қабылданды!
Рақмет! Сіздің құжаттарыңызды Оператор қабылдады, енді бастапқы тексеруден өткізеді. Құжаттарыңыз 2 жұмыс күні ішінде қаралады.

Біздің Оператор Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім түпнұсқасын берудің ыңғайлы тәсілін (пошта немесе курьерлік қызмет арқылы) келісу үшін сізге хабарласады.

Сізге Бағдарламада тіркелгеніңіз немесе тіркеуден бас тартылғаны туралы SMS келеді. SMS келгенге дейін пациент бағдарламада тіркелген болып саналмайды.

Бағдарлама шарттарында алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігі бағдарламада тіркелгеннен кейін ғана ұсынылады.

Сұрақтарға жауап береміз

— Бағдарламаны қанша рет пайдалануға болады?
— Бір препарат бойынша бағдарламаға бір пациент бір рет қана қатыса алады. Бағдарлама аясында бір пациент белгіленген уақыт пен мөлшерінің лимиті шегінде бірнеше алдын-ала тапсырыс бере алады. Әрбір келесі тапсырыс үшін тек белгі қойылған қаптаманың фотосуретін және алдыңғы тапсырыстың құтысын және жаңартылған рецептіні ұсынуы тиіс.
— Дәріханада препаратты сатып алу үшін рецепт қажет пе?
— Иә, препаратты дәріханада табыстаған кезде Қазақстан аумағында жарамды, қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1 айдан аспаған тиісті түпнұсқадағы рецептіні ұсыну қажет.
Рецептіде тапсырысқа сәйкес келетін препараттың мөлшері көрсетілуі тиіс. Рецептінің мерзімі өткен болса, алдын-ала тапсырыс қабылданбайды және дәріханадан сатып ала алмайсыз. Тапсырыс беру кезінде де, дәріханадан препаратты сатып алу кезінде де рецептінің жарамды болуын ескеріңіз. Егер препаратты сатып алу кезінде рецептінің мерзімі өтіп кеткен болса, жаңа рецепт алып, оны сайт арқылы жүктеп, дәріханаға ұсынуыңыз керек.
— Тапсырысты сатып алу үшін дәріханада не көрсету керек?
— Дәріханадағы фармацевтика қызметкеріне препаратқа берілген түпнұсқа, жарамды рецептіні көрсетіп, алдын ала тапсырыстың бірегей SMS кодын хабарлауыңыз қажет. Препарат рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді беру ережелері сақталған жағдайда ғана беріледі. Сіз кодты ұялы телефон экранынан көрсете аласыз немесе басып шығарылған түрде көрсете аласыз. Код препарат дәріханаға түскен күннен бастап 14 күн бойы жарамды (басқа талаптар болуы да мүмкін).
— Бағдарламада тіркелмей және өз деректерімді ұсынбай препаратқа тапсырыс беріп, сатып алуыма бола ма?
— Бағдарлама бағдарламаға тіркеле отырып, бағдарлама шарттары мен бағасы бойынша ғана алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады. Бағдарламаға қатысатын-қатыспайтыныңызға қарамастан, бағдарламада тіркелмей және өз деректеріңізді ұсынбай, кез келген дәріханада немесе дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізетін кез келген басқа ұйымда препаратқа өтінім қалдыруға немесе оны сатып алуға құқылысыз. Сайт иесі мен Оператор бөлшек сауданы жүзеге асырмайды, бағдарламадағы басқа препараттың бар-жоғы мен бағасы туралы ақпаратты бере алмайды және пациентті бағдарламаға тіркемей, бағдарламадағы басқа препаратқа тапсырыстар қабылдамайды.
Препаратты бағдарламадан тыс сатып алу үшін бағдарламаға тіркелу, Сайт арқылы өзіңіздің деректеріңізді ұсыну және сатып алу кодын көрсету талап етілмейді. Сіз өзіңізді қызықтыратын дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізетін объектілердегі осындай сату шарттарын өзіңіз сұрап, біле аласыз.
— Неліктен мен қаптаманың фотосуретін/бейнежазбасын жүктеуім керек?
— Бағдарлама препаратты тағайындау туралы рецептілер алған нақты пациенттер үшін ғана сатып алудың арнайы шарттарын ұсынады. Сондықтан әрбір келесі тапсырыс алдында (екіншісінен бастап) бағдарлама шарттарының бұзылуына жол бермеу үшін міндетті белгілері бар алдыңғы препараттың сыртқы (картон) және ішкі (құты) қаптамаларының фотосуретін ұсыну қажет: «Жаңа күн» деген жазу және көк немесе қара сиямен жазылған тапсырыс нөмірі болуы тиіс. Бұл емдеуді қажет ететін пациенттерге арналған бағдарлама арқылы көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
— Бос қаптаманың фотосуретін/ бейнежазбасын қалай жүктеуге болады?
— Келесіде алдын-ала тапсырыс жасамас бұрын «Жаңа күн» белгілері мен тапсырыс нөмірі көрсетілген алдыңғы препараттың картон қаптамасы мен құтыларын суретін түсіріңіз. ЖСН немесе телефон нөміріңізді көрсетіп, фотосуретті бағдарламаның сайты арқылы жүктеңіз. Оператор кескіндерді 2 жұмыс күні ішінде тексеріп шығып, жаңадан алдын ала тапсырыс жасауға рұқсат береді.
— Препаратты медициналық мекемеге дейін қалай тасымалдауға болады?
— Имбрувика (Ибрутиниб) препараты жылуға төзімді емес және тасымалдау кезінде арнайы температуралық бақылауды қажет етпейді. Сіз оны бөлме температурасында (+25°С-тан аспайтын), тікелей күн сәулесі мен ылғалдан қорғалған жерде түпнұсқа қаптамасымен алып жүре аласыз. Төтенше температурада (+30°C-тан жоғары немесе 0°C-тан төмен) ұстамаңыз және сапасы бұзылмауы үшін салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жеткізген жөн. Егер қашықтық алыс болса немесе жағдайлар қолайсыз болса, қарапайым сөмкеге немесе қорғауға арналған, бірақ қосымша тоңазытқыш элементтері жоқ қорапқа салыңыз. Тасымалдау ақысын өзіңіз төлейсіз.
Пайдаланылған қаптаманың суретін қалай жіберуге болады?
Жағымсыз құбылыстары
Егер сіз бағдарламаға кіретін препараттарды қолданған кезде жағымсыз құбылыс туралы білсеңіз, 8-8000-700-183 нөміріне қоңырау шалыңыз, чатқа жазыңыз немесе электрондық поштаға хабарлама жіберіңіз janakun@olekstra.kz.

CP-550841
Осы сайт туралы
Осы Интернет-сайтының бүкіл мазмұны «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС компаниясының меншігі немесе оның бақылауында болып саналады.

Материалдар сайтта сол күйінде «Johnson&Johnson Kazakhstan» ЖШС және «Олекстра» ЖШС-нің қандай да бір кепілдіктері мен міндеттерінсіз орналастырылған.

Осы сайтта жарияланған ақпарат тек таныстыру мақсаттарында ғана ұсынылады, сондықтан медицина немесе денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультация ретінде қабылданбауы тиіс, сондай-ақ диагноз қою немесе емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС  — jnj.com

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 42-үй, 23 А блогы.

Лицензия. Қызмет түрі: фармацевтикалық қызмет. Лицензия берілген қызмет түрінің қосалқы түрлері: Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу.
Лицензия нөмірі: 24026724.
Лицензияның берілген күні: 23.08.2024 ж. 
Лицензияны берген орган: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

«Жаңа күн» Пациенттерді дәрі-дәрмекпен қолдауды қамтамасыз ету бағдарламасының («бағдарлама») операторы – «Олекстра» ЖШС, БСН 241240 020 796.

Бағдарлама, сайт, алдын ала тапсырыс беру мәселелері бойынша бірыңғай байланыс деректері: janakun@olekstra.kz, чаты.
Байланысты Оператор жүзеге асырады.

«Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және Оператор дәрілік препараттарды сатпайды және оларды пациенттерге тікелей бермейді. «Жаңа күн» бағдарламасы бойынша пациенттерге препараттарды сату қызметін бағдарламаға қатысатын және Қазақстанда дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізумен айналысатын дәріхана ұйымдары жүзеге асырады. Бағдарламаның шарттары мен шектеулері бар.

Бұл сайт cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз оларды жинауға, бағыттауға және пайдалануға рұқсат бересіз, сонымен бірге:


Файлды жіберу